1 мамыр мерекесіне орай “Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деген атам қазақтың айтулы ұлағатын ту етіп ұстанған игілікті шаралардың аясында 2020-2021 оқу жылында 27 сәуір күні «Бірлігіміз жарасқан» қайырымдылық акциясы өткізілді. Мейірімділік-адам бойындағы қасиетті сезім. Адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға, бауырларына мейірімділік таныта білуі керек деген мақсатта мектебімізде «Бірлігіміз жарасқан» акциясы өтіп жатты.