Бастауыш сынып бірлестігінің айлығында Абдрахманова Гүлсім 2 наурыз күні 3 "Ә" сыныбында Математика пәнінен "Жазбаша көбейту және бөлу" тақырыбында онлайн түрінде ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жаңа сабақты ютуб каналынан тікелей эфирге шығып түсіндіріп, "4 сурет, 1 сөз", "Балық қаңқасы" әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттырды.