Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Құқықтық білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу"
14
февраль
2023

"Құқықтық білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу"




14.02.2023 ж Байзақ ауданы білім бөлімі №1 мектеп-гимназиясында  "Құқықтық білім беру мен құқық бұзушылықтың алдын алу" жоспарына сәйкес, Байзақ  АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Е.Қырықбаев  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығымен  "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған , оларды пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбегімен " оқушыларды  таныстырып ,   түсіндірме жұмыстары жүргізілді .
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету. Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру,құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауттылығын арттыру мақсатында, ҚР қылмыстық кодекс баптары бойынша дәріс берілді. ҚР ҚК-нің VI "Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі” тармағының нормаларын саралай келе, он сегізге толмаған тұлға қылмыс жасағанда, оны міндетті түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтып өтті. Құқық бұзушылықты болдырмау, құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзбау, тыйым салынған әрекеттерді жасамау қажеттілігі бойынша ескертіліп айтылды.