Байзақ ауданы № 1 мектеп гимназиясы психологтары П.Канимова, Н.Иманбаева 5-6 сынып оқушылары арасында оқушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы түсінігін байыту, бір-бірімен жылы сөйлесуге, достық қарым-қатынаста болуға, мәдениетті және иманды болуға баулу, керісінше жаман қылықтардан аулақ болуға шақыру, сонымен қатар өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый екндігі оны бағалай білу керектігі. Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Айтады – ғой, “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді . Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, соған лайықты өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру мақсатында «Мен өмірге құштармын!»тақырыбында тренинг өтті.