15 наурыз күні Республикалық "Sport Fest Kazakhstan" мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу өткізілді. Осы аталған жарыстан № 1 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары Жексенбеков Алижан тоғызқұмалақтан І орын, Жақсымұрат Аяжан ІІ орынды иеленсе, үстел теннисінен 8 сынып оқушысы Мұхат Нұрасыл жүлделі Іорынды иеленді. І орын алған оқушыларымыз Алижан мен Нұрасыл республикалық Көкшетау қаласында өтетін жарысқа жолдама алды. Жетекшілері денешынықтыру пәні мұғалімдері Ғ.Мақұлбеков пен Қ.Жолдасбеков. Көкшетау қаласында өтетін жарыста оқушыларымызға сәттілік тілейміз!