Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
"Тиімді сабақ жоспарлау, бақылау және рефлексия"
20
апрель
2019
"Тиімді сабақ жоспарлау, бақылау және рефлексия"
       Директордың оқу-әлістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ө.Алданбекова "Тиімді сабақ жоспарлау, бақылау және рефлексия" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты мұғалімдерге тиімді сабақты қалай жоспарлау, әзірлеу керек екендігі туралы ұсынымдар беру, таныстыру.
"Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз"
10
апрель
2019
"Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз"
    №1 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Сарсенбаева Лаура аудандық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" атты жас педагогтар байқауына қатысып, бас жүлде жеңіп алды. Аталмыш байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, ІІ дәрежелі диплом алып, Республикалық кезеңіне жолдама алды.
"Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?"
20
март
2019
"Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?"
       Байзақ ауданы "Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының" ұйымдастырумен өткен "Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?" атты аудандық пікірсайысқа мектебіміздің атынан "Жас ұрпақ" және "Екі есе қауіп" командалары қатысты. Пікірсайыс қорытындысы бойынша "Екі есе қауіп" ІІ орын, "Үздік спикер", "Жас ұрпақ" командасы алғыс хатпен марапатталды. Командаларды дайындаған тарих пәнінің мұғалімі Садықова Айжан Джумабаевна.  
"Қалыптастырушы бағалау - мұғалім тәжірибесінде"
14
март
2019
"Қалыптастырушы бағалау - мұғалім тәжірибесінде"
       Бүгін мектебімізде "Қалыптастырушы бағалау - мұғалім тәжірибесінде" атты аудандық семинар-практикум өтті. Мектебіміздің мұғалімдері серіктес мектептерден келген ұстаздарға өз тәжірибесімен бөлісті.
«Деструктивтік діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері»
01
март
2019
«Деструктивтік діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері»
          2019 жылы 1 наурыз күні Мырзатай орта мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында «Деструктивтік діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері» тақырыбында аудандық ең үздік ғылыми жобаға 9а – сынып оқушысы З.Искахова қатысып, ІІІ дәрежелі диплом алды.
"Ақберен" байқауы
23
февраль
2019
"Ақберен" байқауы
       Аудандық "Ақберен" білім мен өнер байқауында "Ақындар мүшәйрасы" номинациясы бойынша 10 "Б" сынып оқушысы Б.Тілеубаев І дәрежелі диплом, облыстық кезеңде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Өнер жұтамайтын қазына"
16
февраль
2019
"Өнер жұтамайтын қазына"
                 Өнер кафедрасы "Өнер жұтамайтын қазына" тақырыбындағы шығармашылық кеш өткізді. №1 мектеп-гимназиясының жылдық жоспарына сәйкес 07.02-07.03.2019 ж. күндері аралығында Өнер кафедрасының айлығы өткізілуде. Бастауыш 2-3 сынып оқушыларынан құрылған домбырашылар ансамблі "Еркем-ай" әнін нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар бірлестіктегі мұғалімдер өз өнерлерін көрсетті. Әсем ән айтылып, күй тартылды.       
Халықаралық «British Bulldog» байқауы
12
февраль
2019
Халықаралық «British Bulldog» байқауы
      Халықаралық «British Bulldog» байқауына мектептен 53 оқушы қатысып, 30 оқушы дипломмен марапатталды. 
Халықаралық «British Bulldog» байқауы
12
февраль
2019
Халықаралық «British Bulldog» байқауы
      Халықаралық «British Bulldog» байқауына мектептен 53 оқушы қатысып, 30 оқушы дипломмен марапатталды. 
Сыныптан тыс жұмыс. Қуаталы Ақбота Қанышқызы
07
февраль
2019
Сыныптан тыс жұмыс. Қуаталы Ақбота Қанышқызы
     Әдістемелік жұмыс жоспарға сәйкес физика және информатика пәні бірлестігінің айлығында информатика пәні мұғалімі Қуаталы А.Қ. "Ғажайып информатика" тақырыбында 6  сыныптар арасында сыныптан тыс жұмыс өтті.