22
декабрь
2020
"Өнерге қосқан үлесі үшін" медалі




Бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемір ауылы №1 мектеп-гимназия мұғалімдері марапатқа ие болды. Тәуелсіздік күніне орай жалпы ұстаздар арасында өткен республикалық онлайн байқауға қатысып, қолөнерден бас жүлдеге ие болған Конисбекова Лазат "Өнерге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Марапатты "Спорт жұлдыздары" журналы Жамбыл облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Болатбек Тұрарұлы өз қолымен табыс етті. Сонымен қатар осы мектептің Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Басықараев Болатбек "Үздік АӘД пәні мұғалімі" төсбелгісімен марапатталды.
19 желтоқсан күні Алматы қаласында Мұсағали Тасқалиев пен Пернебай Дүйсенбин ағаларымыз біргіп жазған "Ұлт батырлары" кітабының тұсауы кесілген болатын, Мұсағали Тасқалиев мырзаның атынан көркем еңбек мәні мұғалімі Алдабергенов Асылхан ағамызға "Ұлт батырлары" кітабы табыс етілді.