Қабылдау бөлімі:
8 (72637) 2-24-60
IT-орталық
8 (707) 218 11 91
Нашар көрушілір
нұсқасы
10
март
2025

Мектеп директоры


Жаманова Гульпаш Рамазановна
   Жаманова Гульпаш Рамазановна 1964 жылы 17 қаңтарда Қостанай облысы Амангельды ауданы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы совхозында дүниеге келді.
   1971 жылы сол облыстың Амантоғай ауданы Степняк совхозында бірінші сыныбына барып, 1981 жылы мектепті үздік аяқтады.
 1981 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтының тарих факультетіне оқуға түсті. 1986 жылы аталған институтты «Қызыл дипломға» аяқтады. Мамандығы: тарих,құқық, қоғамтану негіздері бойынша мұғалім.
Өзінің еңбек жолын 1986 жылы Торғай облысы Арқалық қаласының № 1 мектебінде бастаған. 1987 жылы Торғай облысы Амантоғай ауданындағы Степняк орта мектебінде директордың орынбасары, мектеп парторгы болып жұмыс істеді. 1988 жылы тұрмыс құрып Жамбыл облысы Свердлов ауданына келген. Сол жылдан бастап жаңадан ашылған Макаренко атындағы мектепте мұғалім болып 1990 жылға дейін істеген. Содан соң Ю.Гагарин атындағы мектепке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.     1996 жылы Ғ.Мұратбаев мектебіне тарих пәні мұғалімі болып ауыстырылған. Осы мектепте 2013 жылы директор болып тағайындалған. 2018 жылы сәуір айында ратация жолымен № 1 мектеп-гимназиясына директор болып ауыстырылды. 

Похожие публикации:

02 сентябрь 2019 Аннотация
15 октябрь 2019 "Сыр-сұхбат"
06 март 2019 Хабарландыру